Әбдірашит Нәбиұлы Байболатов(4 маусым 1929 ж.т., Шыңжаң, Іле аймағы, Тоғызтарау ауданы Ақтөбе ауылы) — ақын, жазушы, фольклоршы. Шыңжаң жазушылар одағының мүшесі.
“Үш аймақ әскеріне” қатысқан. 1975 — 1982 ж. Шыңжаң жазушылар одағының органы “Шұғыла” журналының 1982 ж. “Мұра” журналының бас редакторы болды.
Шығармалары Алғашқы өлеңі 1948 ж. жарияланған. “Өмір қайығында” өлеңдер жинағы (1983, Пекин) “Қос емен” повестер жинағы (1987, Пекин) “Тау қыраны” романы (1990, Үрімші) жарық көрді.
“Тау қыранында” 1944—1949 ж. Шыңжаңда ұлт азаттығы үшін гоминданшылармен шайқасқан қазақ азаматтарының ерлік іс-әрекеттерін суреттеген.
Ол 1982 жылдан бастап қазақ ауыз әдебиетін жинау, жүйелеу және баспадан шығару жұмысына басшылық етіп: “Қазақтың ғашықтық жырларын” (3 т.) “Қазақ қиссаларын” (12 т.) “Қазақ шежіресін” (1 т.) “Қазақ шешендері мен шешендік сөздерін” (2 т.) “Байырғы қазақ айтыстарын” (1 т.) баспадан шығарды.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:4 маусымда туғандар Санат:1929 жылы туғандар Санат:Қытай қазақтары Санат:Қазақ ақындары Санат:Қазақ жазушылары Санат:Шыңжаңда туғандар Санат:Қытай жазушылары Санат:Шыңжаң жазушылары Санат:Қазақ фольклоршылары