Долинка (Қоңыртөбе) — Қарағанды облысы Шахтинск қаласына қарасты кент.
Географиялық орны Шахтинск қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде орналасқан.
Тарихы Іргесі 1909 жылы қаланған. 1909 жылы Халық Ағарту министрлігінің атынан мектеп пен ғибадатхана тұрғызылды, мың пұт астыққа арналған қоғамдық қойма салынды. Кусаин Абузаров, Яков Батерфельд, Павел Семенов және Григорий Черных сауда жасаған төрт азық-түлік дүкені болған. Жыл сайын 20-ы ақпан мен 1-ші қыркүйек арасында жәрмеңкелер өткізілген. 1931–59 жылдары КСРО-ның ГУЛАГ жүйесіне қарасты Қарағанды лагерлерінің (Карлаг) орталығы болды. Кентте Долинка шахта құрылысы кәсіпорны бар110 лет немецкой вольной Долинке .
Долинкадан алыс емес жерде "Мамочкино кладбище" мемориалдық кешені орналасқан және онда 1930-1940 жылдары балалар мен олардың аналары, яғни Карлаг тұтқындары жерленген "Мамочкино кладбище": как хоронили детей и репрессированных женщин. Жерлеу орындары бұрынғы Карлаг басқармасы ғимаратынан бірнеше шақырым жерде орналасқанКладбище детей и узниц Карлага сегодня. "Мамочкино кладбище" мемориалдық кешенінің аумағында Карлаг лагерлерінде қаза тапқан украиндықтарға ескерткіш ашылған. Ескерткіш 2005 жылы 21 қыркүйекте ашылды және репрессияға ұшыраған украиндықтарды мәңгі еске алады. Олардың қатарында діни қызметкер Алексей Зарицкий болды. Ол 2001 жылы 27 маусымда Рим Папасы Иоанн Павел II-нің сапары кезінде 28 Украиналық грек католиктерінің қатарына қосылған болатынПапа покинул Украину. Монумент Украиналық грекокатолиялық шіркеу өкілдерінің бастамасы бойынша бір кездері Карлаг еңбекпен түзеті лагері (қазіргі Карлаг мұражайы) орналасқан аумақта орнатылдыПамятник украинцам, погибшим в Карлаге. Зират ресми түрде 1960 жылдардың басында жабылды және 2003 жылы ғана мемориалдық кешен мәртебесін иеленді "Мамочкино кладбище": как хоронили детей и репрессированных женщин.
Халқы 1909 жылдың соңына қарай Долинкада 280 отбасы, барлығы 1634 адам (812 әйел және 822 еркек) болған. Еділден келген шаруаларға 15303,4 оңдық жер берілген 110 лет немецкой вольной Долинке .
+ Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен63905350 6304 117,8 2667 3820 143,2 2683 2484 92,6
Дереккөздер
Санат:Шахтинск қалалық әкімдігі елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері