Тұрғанбай Нұрланұлы Досжанов (15.05.1928 жылы туған, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы — 16.8.2019, Алматы) – биология ғылымдарының докторы (1984), профессор (1993).

Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1951, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті) бітірген. 1955–57 ж. Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, 1957–67 ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында доцент, кафедра меңгерушісі, ректордың оқу ісі, ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1967–71 ж. Зоология институтында лаборатория меңгерушісі, 1971–87 ж. директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1991–94 ж. осы институттың директоры болды. 1995 жылдан Зоология институтының бас ғылыми қызметкері.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том

Дереккөздер

Санат:15 мамырда туғандар Санат:1928 жылы туғандар Санат:Таразда туғандар Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:КСРО зоологтары Санат:Қазақстан зоологтары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті оқытушылары