Дұғаш, келерия () – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда шабындық жерлер мен құмды төбелердің беткейлерінде өсетін 8 түрі бар. Оның ішінде өте сирек кездесетін реликт өсімдік — қатты жапырақты дұғаш (К. sclerophylla). Биікт. 50 см-дей. Сүректеніп кеткен жуан тамырынан бірнеше сабақтар өсіп шығады. Ұзын жапырақтары жалаң, шашақ гүлшоғыры қысыңқы, цилиндр тәрізді, көлемді келеді (ұзындығы 10 см-дей). Тұқымынан көбейеді. Мамыр — маусым айларында гүлдейді. Қатты жапырақты Дұғаш қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Дұғаштың кейбір түрлері — құнарлы мал азығы.
Дереккөздер Қазақ энцклопедиясы
Санат:Астық тұқымдасы