Жаңа Шүлбі — Абай облысы Бородулиха ауданындағы ауыл, Жаңа Шүлбі ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Бородулиха ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде, Ертіс өзенінің оң саласы — Шүлбі өзенінің бойындағы қарағайлы орманды жазықта орналасқан.
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен3192 2589 81,1 1552 1276 82,2 1640 1313 80,1
Тарихы 1996 жылға дейін “Қызыл партизан” сүт кеңшары және Жаңа Шүлбі аң шаруашылығының орталығы болып келген. Кеңшар негізінде 1997 жылдан ауылда етті-сүтті сиыр, шошқа өсіретін, астық өндіретін “Қызыл партизан”, “Бірлесу”, “Май зауыты”, “Романтик’”, “Кең дала” атты акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, “Жаңа Шүлбі” шаруа қожалығы жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, спорт мектебі, мәдениет үйі, аурухана бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Бородулиха ауданы елді мекендері