Железинка — Павлодар облысының Железин ауданындағы ауыл, аудан (1935 жылдан бастап) және Железин ауылдық округі орталығы, өзен айлағы.

Географиялық орны Облыс орталығы – Павлодар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 188 км жерде, Ертіс өзенінің оң жағасында, дала белдемінің шалғынды құмдақ топырағында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен59565190 5438 104,8 2425 2633 108,6 2765 2805 101,4

Тарихы Железин қаласы - Ертіс өзені бойында 1717 жылы негізі қаланған бекініс. Железин қаласы Сібір генерал-губернаторлығының тұңғыш губернаторы М.П. Гагариннің бастамасымен салынды. 1714-16 жылдары І Петр жарлығымен Ертіс өңіріне аттандырылған. И.Д. Бухгольцтың жорығы сәтсіздікпен аяқталғаннан кейін, кінәз Гагарин Ертіс өзенінің бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін П. Северский мен В. Чередов басқарған экспедиция ұйымдастырды. Чередов Колбасинск бекінісін, Северский Железин қаласының негізін салды. Железин қаласы алғашында төрт бұрышты, зеңбіректер орналастырылған бастиондары бар кішігірім бекініс еді. Ресей әкімшілігі оны Зайсан көліне, Қара Ертіске, Шығыс Түркістанға жасалатын жорықтардың әскери тірегі ретінде пайдаланды. 18 ғасырдың 20-30-жылдарында Железин қаласы қазақтарды жоңғар шапқыншылығынан қорғауда үлкен рөл атқарды. Екінші жағынан, орналасқан жері қолайлы болғандықтан Ресей империясы Железин қаласын Орта жүзді отарлаудың бір тірегі ретінде пайдаланды. Қала 18 ғасырдың 40–50-жылдарында қазақ-орыс, орыс-жоңғар сауда байланыстарын дамытуда елеулі рөл атқарды. Железин қаласы әкімшілігі жағынан Сібір генерал-губернаторлығына, 1783 жылдан бастап Тобыл наместничествосына бағындырылды. Кейін Семей, Өскемен, Омбы қалаларымен бәсекелесе алмай, жай ғана қоныс болып қалды. 1868 жылы Семей облысы Павлодар уезінің құрамына кірді.

Железин ауданының құрылуына байланысты Железинка аудан және кенттік кеңестің, ал 1957 жылы ұжымшардың орталығына айналды. Мұнда май зауыты, тігін фабрикасы, ауданның тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, орман шарушылығының өндірістік кәсіпорны жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы №1 ЖОББМ, №2 ЖОББМ, М. Дулатұлы атындағы №3 ЖББОМ, Кәсіптік-техникалық мектеп, спорт мектебі, музыка мектебі, аудандық аурухана мен емхана, кітапханалар, мәдениет үйі, т.б. мекемелер бар. Железинка арқылы Павлодар — Омбы автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Железин ауданы елді мекендері