250px|right|thumb|Почта маркасы (2005): Жақсылық Үшкемпіров, Виталий Совин, Жиров Василий Валерьевич, Бекзат Саттарханов

Жиров Василий Валерьевич (4 сәуір 1974 жыл, Балқаш қаласы, Қарағанды облысы) — боксшы, еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының чемпионы (1996), Баркер кубогының иегері (1996), Парасат орденінің кавалері.

Өмірбаяны Бокспен 12 жасынан бастап жаттыға бастады (жаттықтырушысы — В.И. Апачинский). 1989 — 91 ж. жасөспірімдер арасындағы республиканың, 1990 ж. КСРО-ның чемпионы атанды. Дүние жүзі чемпионатының күміс (1993, Берлин, Германия), қола (1995, Будапешт, Венгрия), 12-Азия ойындарының (1994, Хиросима, Жапония) қола жүлдегері. Орталық Азия елдері 1-ойындарының (1995, Ташкент, Өзбекстан), Азия құрлығының (1995), 26-Олимпия ойындарының (1996, Атланта, АҚШ) чемпионы. 26-Олимпия ойындарында ең үздік боксшыға берілетін В.Баркер кубогін жеңіп алды. 1997 жылдан бастап толығымен кәсіпқой боксқа ауысты. Жиров ІBF версиясы бойынша кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы (2000). “Парасат” орденімен марапатталған (1996).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2"Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:1974 жылы туғандар Санат:Қазақстан Олимпиада чемпиондары Санат:Қазақ кәсіпқой боксшылары Санат:Баркер кубогының иегерлері Санат:Қазақстан боксшылары Санат:1996 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары Санат:Бокстан Азия чемпиондары Санат:Бокстан Олимпиада чемпиондары