Заводской — Ақмола облысы Степногорск қалалық әкімдігіне бағынышты кент, Заводской кенттік әкімдігі орталығы. Іргесі 1969 жылы осы маңда салынған әскери құрал-жабдықтар жасайтын кәсіпорын негізінде қаланған.
Географиялық орны Степногорск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде, астық тұқымдас шөптер өскен бетегелі-бозды дала белдемінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен39913504 3631 103,6 1659 1805 108,8 1845 1826 99
Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана, емхана, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, т.б. әлеуметтік инфрақұрылымдар бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Степногорск қалалық әкімдігі елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері