Квота ()– әркімге тиесілі бөлік‚ guot – қанша), үлестеме – әркімге тиесілі үлес‚ бөлік‚ норма. Термин бірнеше мағынада қолданылады: 1) өндіріске‚ өткізуге‚ экспортқа немесе импортқа қатысу үлесі‚ ол ұлттық (мемлекет ішіндегі) немесе халықаралық келісімге не халықаралық топқа қатысушылардың әрқайсысы үшін белгіленеді; халықаралық экономика немесе валюталық-қаржы ұйымының жарғылық қорындағы немесе капиталындағы белгілі бір елдің жарнасы; 2) салық салынатын белгілі бір бірліктен алынатын салықтың мөлшерлемесі (абсолют мөлшерде немесе үлес түрінде); 3) сайлау квотасы – сайлау округіндегі бір депутаттың сайлануы үшін қажетті дауыс саны; 4) жекешелендіру барысында азаматтарға қайтарусыз берілетін мемлекттік меншік үлесі. 5) Квотаны белгілеудің мақсаты - монополиялық мол пайда табу мақсатында тауар сатуды, экспорттауды, ал кейде өнім өндіруді шектеу. Импорттық квоталар - контитгенттер - импортты сан жағынан шектеу формаларының бірі; елге белгілі уақытта сырітан әкелінуі мүмкін белгілі бір категориядағы тауарлар сомасының жоғары деңгейі (немесе саны) белгіленеді.
Квота(ғылымда) - 1. Белім, норма, белгілі бір заттың мөлшері, сандық шектеулі; 2. Салықтың ең кіші бөлігінен алынатын салықтың мөлшері; 3. Жалпы өндірісте, өнімді сыртқа өткізу кезінде түскен жалпы пайдасы катысушылардың әрқайсысына бөлінген бөлшек. Қабылдау квотасы - I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретінн білім беру ұйымдарына кабылдау үшін бөлінетін білім беру гранттары мен кредиттерінің шекті саны;Қазақ энциклопедиясыОрысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. ISBN 9965-808-78-3Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006 жыл. ISBN 9965-783-20-9
Дереккөздер
Санат:Ғылымтану Санат:Терминология Санат:Экономика Санат:Банк терминдері