Майқайың — Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы кент (1937 жылдан), Майқайың кенттік әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан солтүстікке қарай 72 км-дей жерде, құрғақ дала белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен92248761 7459 85,1 4353 3694 84,9 4408 3765 85,4

Тарихы: кешегісі, бүгіні Іргесі 1915 жылы ағылшын концессионерлік қоғамының осы маңдағы полиметалл кені өндіруіне байланысты қаланған. Кеңес өкіметі жылдарында полиметалл кенін игеру кеңінен қолға алынып, “Майқайың алтыны” деп аталатын комбинаты салынды. Қазіргі Майқайың қазақ полиметалл кентасын өндіру мен байытудың маңызды орталығы және ол Майқайың алтын АҚ-ның иелігінде. Құрамында ашық кеніш пен байыту фабрикасы, дизелдік электр станциясы бар. Ол Екібастұз ГРЭС-інің электр беру желісімен байланысқан. Мұнда мыстың, қорғасынның, мырыштың, алтынның және күмістің концентраттары шығарылады. Олардан басқа республикадағы лак-бояу заттарына арналған шикізат есебінде барит кені өндіріледі.

Өнеркәсіп орныдары Басқа өнеркәсіп орындарынан Майқайыңда нан зауыты, лимонад цехы, қабырғалық құрылыс материалдар блоктары зауыты, машина жөндеу шеберханасы, автобаза, мұнай базасы бар.

Инфрақұрылымы Білім беру мен денсаулық сақтау мекемелерінен 2 орта, 1 орталау мектеп, 2 балалар бақшасы, кеншілер клубы, кинотеатр, 3 кітапхана, аурухана, санэпидстанция, бірнеше дәріханалар жұмыс істейді. Ауыз су және техникалық сулармен Ертіс-Қарағанды каналынан тартылған су құбыры мен ұңғымалар арқылы қамтамасыздандырылады. Майқайың арқылы Павлодар-Шымкент мұнай құбыры өтеді.

Дереккөздер

Санат:Баянауыл ауданы елді мекендері