thumb|right|Қазақ ұлттык консерваториясының ғимараты Консерватория (, ) — музыка мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны. Консерваторияда музыкылық шығармаларды кәсіби орындаушылар (ішекті, үрмелі, халық аспаптарында ойнайтындар, әншілер, дирижерлер), композиторлар, музыка мәдениетінің тарихшылары мен теорияшылары, музыка зерттеушілері даярлауды. 16 ғасырда панасыз балалардың қолөнер кәсібімен шұғылданатын баспанасы (алғаш рет 1537 жылы Италиядағы Неаполь қаласында ашылды) Консерватория деп аталды. 17 ғысырда осы баспаналарда олардың оқу жүйесіне музыка пәні енгізілді. 18 ғысрда музыкант-орындаушылар мен композиторларды даярлауда Италия консерваториялары үлкен роль атқарды. Мұнда басқа еуропа елдердің музыканттары да оқыды. 1793 жылы Парижде тұңғыш ұлттық музыка инистуты ашылды. (1795 жылы ол консерваторияға айналды). 19 ғасырдың 1 -жартысында Миланда (1807), Прагада (1811), Варшава мен Венада (1821), Лондонда (1822), Мадридте (1830), Брюссельде (1932), Лейпцигте (1843), Рио-де-Жанейрода (1847), Бостонда (1853), т.б. жерлерде ашылды. Қазіргі ТМД елдері аумағында алғашқы консерваториялар Санкт-Петербургте (1862), Мәскеуде (1866), кейін Саратов (1912), Киев пен Одесса (1913) ұйымдастырылды. 1972 жылы бұрынғы КСРО-да 19 консерватория (Тбилиси, Харьков, 1917; Рига, 1919; Баку, 1921; Ереван, 1923; Минск, 1932; Ташкент, 1934; Кишинёв, 1940; Қазан, Вильнюс, 1945; Новосибирск, 1956, т.б.) болды. 1944 ж. Алматы Консерваториясы (2001 жылдан (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) құрылды.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Консерваториялар