Көксу:
Елді мекендер: Көксу – Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл. Көксу – Жетісу облысы Көксу ауданындағы ауыл, темір жол стансасы. Көксу – Қарағанды облысы Абай ауданындағы ауыл. Көксу – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл. Көксу – Түркістан облысы Шардара ауданындағы ауыл.
Басқа мағыналар: Көксу – Балқаш алабындағы өзен. Жетісу облысы Ескелді, Көксу аудандары жерімен ағып өтеді. Көксу – Жетісу облысының Көксу, Қаратал аудандары арқылы ағатын канал. Көксу – Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Бежінтау аралығындағы асу. Көксу – Көксу жотасының оңтүстік бөлігіндегі асу. Көксу – Алтайдың батысындағы таулы жота.