Бүгін, ертең, әрқашан– "Қазақтелефильм" студиясының түрлі түсті, 2 бөлімді, орыс тіліндегі деректі фильмі (1984). "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 . Жастарды қой шаруашылығына тарту бағытындағы Кеңестік саясаттың жүзеге асуын көрсету мақсатындағы түсірілімі.
Онда Алматы облысының "Дегерес" кеңшарындағы шопандар бригадасының тыныс-тіршілігі баян етілген. Телетуынды жастардың тәлімгері, Әлем қоры Кеңестік басқармасының мүшесі Социалистік Еңбек Ері Шопан Жандыбаевтың жастарды қой күтіміне үйрету тәлімдері жайлы. Режиссері - В. Задвицкий, операторлары - А.Коптев, В.Максимов, А.Чепенко. Дереккөздер
Санат: журналистика Санат:Бұқаралық ақпарат құралдары