Саясат Бейісбаев – (8.4. 1954. Алматы облысы, Шелек ауданы) журналист, БАҚ саласының топменеджері. ҚазМУ-ді бітірген (1980).Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5

1980-1991 жылдары "Социалистік Қазақстан", кейін "Егемен Қазақстан" газетінде тілші, аға тілші, шолушы, Алматы облысы бойынша республикалық басылымның меншікті тілшісі қызметін атқарды. 1991 жылы Батыс Германияның Мюнхен қаласына шақырылып,"Азаттық" радиосында тәжірибеден өтті. 1991-2004 жылдары халықаралық "Азаттық" радиосының тілшісі, "Азаттық" радиосы Қазақстандағы бюросының басшысы қызметін атқарды. 2004-2007 жылдары "Дала мен Қала" газетінде бас редактор, "Бүркіт Медиа групп" ЖШС бас директорының орынбасары, 2008 жылы сәуірден "Қазақстан" РТРК" АҚ Қазақ радиосы Бағдарламалар директорының орынбасары, 2009 жылы сәуірінен Қазақ радиосының Бас редакторы.

Қазақстан Журналистер одағының және Халықаралық Журналистер одағының мүшесі. Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың иегері. Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Бұқаралық ақпарат құралдары