thumb|right|200px|Данияр Рахманұлы Әшімбаев Данияр Рахманұлы Әшімбаев (15 қаңтар 1976 жыл, Алматы) - саясаттанушы, тарихшы. Ысты руынан шыққан.
Тұран университетін бітірген (1996). Еңбек жолын 1990 жылы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында кітапханашылықтан бастап, "Тұран-Азия" Холдинг орталығында менеджер, бөлім бастығының орынбасары, қаржы директоры, вице-президент (1993-2000) қызмет арқарып, 1994 жылы тамыз айынан "Кто есть кто в Казахстане" өмірбаяндық энциклопедиясының бас редакторы, 2004 жылы "Репутация" ЦКТ бас редакторы болған.
"Кто есть кто в Казахстане" (1995, 1997, 1998, 1999, 2001, 2002, 2003 жылдары), "Казахстан 90-х. Правительства Кажегельдина: приватизация, коррупция и борьба за власть (2003)" кітаптарының авторы. Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5.
Дереккөздер
Санат:15 қаңтарда туғандар Санат:1976 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан саясаттанушылары Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Тұран университеті түлектері