Буден – Швецияның Норрботтен аймағында орналасқан қала. Халқының саны – 18 680 адам. Қалада швед армиясының ірі гарнизоны орналасқан. Муниципалитеттермен қатар армия қаладағы ірі жұмыс беруші орындардың бірі болып табылады. Соңғы он жылда қалада әскери күш санының кемуіне байланысты халқының саны 2000 адамға қысқарған. Буденнің алғаш рет ресми аталуы XVI ғасырдың басы. Қала санатына 1919 жылы кірген. XX ғасырдың басында қалада Будендік қамал тұрғызылған.
Дереккөздер
Санат:Швеция қалалары