thumb|Композитор Ричард Леверидж Сазгер, композитор ( — құрастырушы) — музыкалық шығармалардың авторы.Музыкальная энциклопедия. М., 1974. Т. 2. Стб. 892. Бұл термин алғаш рет 16-ғасырда Италияда кең пайдаланыла бастады және сол кезден бастап, батыс еуропа музыка мәдениетінің тәжірибелерінен туындаған "кәсіби жазба дәстүрінің" бейнесі ретінде қабылданады. Композиторлық мамандық музыкалық-шығармашылық қабілеттілікті және композицияны арнайы оқуын талап етеді.Евлахов О.А. Проблемы воспитания композитора. М., 1958.

Қызықты деректер thumb|150px|left|Композитор Вольфганг Амадей Моцарт Жазушы және дипломат А. С. Грибоедов өз заманында өзінің екі-ақ музыкалық шығармасымен әйгілі болды: ми-минорВальс ми минор және ля-бемольВальс ля-бемоль мажор вальстері. Композитор Чюрлёнистің өмірі есі ауысқандарға арналған жекеше клиникада аяқталды. Композитор Игнацы Ян Падеревский кезінде Польша премьер-министрі болған, Верди депутат болса, Берлиоз бен Вагнер революцияларда қатысқан. Кеңес композиторларының арасынан "Социалистік еңбек ері" атағын алғандары да бар, мысал ретінде Кабалевскийді алуға болады. Әйгілі орыс композиторы Альфред Шнитке өзінің соңғы 8 жылында 3 рет инсульт болып ауырған, бірақ төртіншісін көтере алмай қайтыс болады. Композитор Джон Кейдж өзінің «4′33″» пьесасымен әйгілі болған — «төрт минут отыз үш секундтық тыныштық» атты бірде-бір нота шырқалмайтын үнсіз пьеса.

Дереккөздер

Санат:Музыка Санат:Сазгерлер Санат:Мәдениет