Көмір қабатының қауіпті жарылғыштық қасиеті — қолайлы техникалық жағдайда көмір қабатының кенеттен көмір мен газды лақтыру мүмкіндігі бар табиғи ерекшеліктері. Әдетте көмір қабатының қауіпті жарылғыштық қасиеті арқылы қабатта газдың болуы, газды тез бөліп шығару қабілеті, тектоникалық бөлшектену дәрежесі, көмір қабатының құрамы, ылғалдылығы, механикалық беріктігі және т. б. анықталады. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 .
Дереккөздер
Санат: Терминология Санат: Металлургия Санат: Тау-кен ісі