Қазақ мемлекеттік циркі – Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші, Қазақстанның бас циркі.

Орналасқан жері Алматы қаласы, Абай даңғылы 50.

Кезеңі Құрылыс мерзімі – 1969-1972 жылдар. Жоба авторлары: сәулетшілер – В.З. Кацев, И.В. Слонов; инженерлер – С.Б. Матвеев, М.В. Плохотников.

Тарихы

Қазақ мемлекеттік циркінің басталуы мен алғашқы жетістіктері Қазақ мемлекеттік циркі Қазақ КСР халық әртісі Г.Ғалиеваның жетекшілігімен 1970 жылы ұйымдастырылды. 1972 жылы Қазақ циркінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылып, жұмысын бастады. Бұл Қазақ циркі өнерінің өркендеуіне ықпал етті. Қазақ циркі 1972–1978 жылдары ұлттық бояуы қанық үш бағдарлама дайындады.

Оның негізгі бағдарламаларына: «Жылқышылар», «Қыз қуу», «Ат ойыны», «Жер жәннаты», «Байқоңыр», «Атамекен», «Космос симфониясы» және т.б. көптеген бағдарламалар жатады. Қазақ циркі репертуарынан, сонымен қатар: «Түйелер мен аюлар аттракционы», «Шығыс ойыны» (реж. А. Ысмағұлов), «Акробатикалық аңыз» (реж. Н.К. Винник) нөмірлері, «Тың», «Медеу», т.б. новеллалары орын алды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ циркі «Сиқырлы киіз үй», «Азия жұлдыздары», «Аяз Атаның компьютерлік ойындары», «Цирк қойыртпағы», «Жаңа жылдық думан» және «Үш жуан» атты бағдарламалары қойылды“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9.

Халықаралық жетістіктер мен гастрольдер Цирк ұжымы 1978–1982 жылы Бүкілодақтық цирк өнерінің байқауында жеңімпаз атанды. Оның жеңімпаздары — Мұрат және Елизавета Жұмағалиевтер, 1983 жылы Прага қаласында өткен халықаралық байқауда Эдуарде Бассе атындағы бас жүлдені жеңіп алды. Олар Кеңес Одағының көптеген қалаларында және шет елдерде, Кубада (1977), Чехияда (1983), Болгарияда және Югославияда (1986) өнер көрсеткен.

1990 жылдар арасында гастрольдік сапармен бірнеше рет Қытай, Польша, Франция, Бельгия, Жапония, Германия, АҚШ, Аустралия елдерінде болып қайтты. Досбатыровтар Верона (Италия), Бельгия, Монте-Карло мен Қытайдағы халықтар Цирк өнері фестивальдерінің жеңімпазы атанса, Т. Трестин мен Бәкенова Польшадағы Еуропа байқауында алтын жүлдеге ие болды. А. Кириченко жетекшілігіндегі “Әуеде ұшу” (1993) нөмірінің әртістері, К. Күнғожинов тобы, В. Гашута орындауындағы “Рен дөңгелектері” нөмірі, Р. Симоненко тобы Қытайда өткен байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Қ. Шалабаев бастаған қазақ шабандоз жігіттері АҚШ цирктерінде, Серік Әбішев бастаған танымал топ Аустралия циркінде табысты өнер көрсетті.

Жаңа жобалар мен цирк өнері 250px|нобай|Залдың интерьері, 2018 жылғы мамыр

2000 жылы цирк аумағында “Арлекино” балалар ойын-сауық кешені ашылды. 2001 жылы осында атқа салт мініп жүру (жетекшісі К.Күнғожинов) мектебі құрылды.

Қазақ циркінің жанында А.Р. Измаилова жетекшілік ететін “Ерке” ұлттық би ансамблі жұмыс істейді. Олар бірінші Халықаралық “Айналайын” жас дарындар фестивалінің жеңімпазы (1996 жылы), Халықаралық “Nets Carnaval club” фестивалінің дипломанты (Франция, 1999), Халықаралық “Азия дауысы” байқауының жүлдегері атақтарына ие болды.

1999 жылы цирк өнерінің тәжірибе мектебі ұйымдастырылды (жетекшісі М.В. Хуватов). Осы жылы көптеген байқаулардың жеңімпазы болған "Фарандоль” цирк балеті (жетекшісі М. Редько), үш ұжымды: “Бэби-Дэнс” тобын (“Азия дауысы” байқауының үздігі), “Дэнс-класс” , “Просто Так” шоу-балеттерін біріктірген би мектебі (жетекшісі Е. Рудикова), “Әнші балапан” , “Азия дауысы” байқауларында жеңіске жеткен “Мюзик-холл “Улыбка” балалар эстрада театры ашылды (жетекшісі Қ.А. Бөлебеков, 2002 жылдан). 2003 жылдан “Шапито” атты жазғы шатырлы цирк жұмыс жасауда.

Сәулеті Негізгі ғимараттың тұғыр қабатында киімдік, кассалар, санитарлық торап және басқа қосымша бөлмелер орналасқан. Келесі қабатта, дәліз және буфеттер, одан жоғарырақта екі ярусты дәліз бар. Көрермендер залының (2160 орынды) сәулеті отауланып келген амфитеатр түрінде шешімін тапқан. Негізгі ғимараттың оңтүстік бүйіріне қызмет көрсету бөлмелері жалғаса салынған. Мұнда жаттығу залы (екінші манеж), әкімшілік бөлімі, артистердің бөлмелері, ірі хайуанаттар мен аңдар тұратын және оларды тоғытатын орындар, жем және құрал-саймандар қоймасы бар. Астыңғы тұғыр қабатта желдету қондырғылары орналасқан. Алматы циркі технологиялық жағынан ең алдыңғы қатарлы ғимараттардың бірінен саналады. Конструкциясы тұтас құйылған темір-бетон қаңқа, төбесі металл күлдіреуіштермен жабылған. Күмбез сырты сантехникалық эмаль қаптырылған қаңылтырмен тіс өрнек бедер түсіру арқылы өрнектелген, әрлеу ісінде мозаика, мәрмәр, гранит қолданылған. Ғимарат конус пішінді күмбезімен көзтартарлық сипаталған. Оның төбе жабыны бірте-бірте сүйірленіп барып, ұшар басының өзіндік конфигурациямен бітуі, қазақтың күмбезді діни құрылысы мен киіз үй сәулетін жарасымды пайдаланғандықты, әрі өзіндік тың шешім тапқандықты аңғартады.Қ 18 Қазақстан архитектурасы – Архитектура Казахстана. – Алматы, «Өнер», 2013. т. 9. – 192 б. – қазақша, орысша. ISBN 978-601-209-212-7

Хайуанаттарды серуендетуге арналған ішкі ауласы бар.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Тағы қараңыз

Қазақ цирк өнері

Дереккөздер

Санат:Алматы ғимараттары мен құрылыстары Санат:Алматының көрікті орындары Санат:Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Алматы сәулеті