“ҚАЗ-ҚАТАР” – қазақтың халық биі. Халық күйі “Аққудың” (музыкасын биге бейімдеп өңдеген Н.Тілендиев) сүйемелімен қыздар тобы орындайды. Музыкалық өлшемі 2/4. Би қаздардың тізіліп көлге қонуын, шомылуын, қайырылып қайта қайтуын бейнелейді. Алғаш 1934 жылы Алматы қаласында өткен ауыл шаруашылық слетінде халық бишісі Ж.Оразалиев биледі. “Қаз-қатар” биі балетмейстер Д.Т. Әбіровтің өңдеуімен 1954 жылы Қазақтың мемлекеттік академиясы опера және балет театрында және “Біздің сүйікті дәрігер” фильмінде орындалды. Қазір “Аққу” деген атпен жиі орындалып жүр.

Д. Әбіров, Т. Ізім мақаласы

Дереккөздер

Санат:Қазақ өнері Санат:Қазақ билері