Жыныс бұзғыш — тікелей тау жынысына әсер етіп, оны бұзатын қатты дене. Тау жынысына әсер ету тәсіліне қарай: кесетін — массив бетімен сырғып жүру кезінде оны бұзып қопарады; шарошка — массив бетімен доңғалау барысында оны бұзып қопарады; қырғыш — саңлау арасындағы пайда болған бүртіктерді қопарып бұзады; жұлғыш — массив кесектерін оның бетіне перпендикуляр бағытпен әсер етіп жұлып алады; найза — массивке оқтын-оқтын динамикалық күшпен әсер ету нәтижесінде оны бұзып, қопарады. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 . Дереккөздер

Санат: Физика Санат: Терминология Санат: Металлургия Санат: Тау-кен ісі Санат: Химия