Қаламтөбе – ежелгі қала орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері Отырар ауданы, Қоғам ауылынан 2,5 км оңтүстік-шығыста орналасқан.
Деректер 1969–70 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) тауып, зерттеген. Қазіргі орны екі төбеден тұрады. Үлкен төбе тік бұрышты келген. Оның аумағы 40-20 м, биіктігі 4,3 м. Одан 30 м шығысқа қарай дөңгелектеу келген, диаметрі 10 м, биіктігі 2,4 метр төбешік орналасқан. Зерттеу барысында ангобты өрнегі бар құмыралар, т.б. қыш ыдыстар жинастырылған. Зерттеулер нәтижесінде қала тұрғындары мұнда б.з. I-VI ғасырларында өмір сүргені және егіншілікпен айналысқаны анықталды.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-томОтырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан көне қалалары