Мұхит Ғалымұлы Қалымов (5.5. 1931, Атырау облысы Индер ауданы Мәмбет а. – 3.11.2002, Алматы) – кескіндемеші, ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1989).
Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтының кескіндеме факультетін (1964), осы институттың аспирантурасын (1970) бітірген. 1965 жылдан суретшілігімен қоса ұстаздық етті.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
1965 – 1970 ж. Алматы көркемсурет училищесінде, 1970 – 1980 ж. Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының көркемсурет кескіндеме бөлімінде, 1980 – 1985 ж. Алматы архитектуралық-құрылыс институтында (қазіргі Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы) кескіндеме мен мүсін кафедрасын басқарды, 1985 – 1993 ж. Алматы театр-көркемсурет институтында (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 1993 жылдан. өмірінің соңына дейін осы институттың кескіндеме кафедрасының профессор болды.
Қалымов тарихи тақырыптарға, қазақтың белгілі өнер саңлақтары мен ірі қайраткерлердің бейнесін жасауға көп көңіл бөлді. Оның “Бабалар”, “Абылайхан”, “Сырым батыр”, “Исатай – Махамбет”, “Мұрат ақын”, “Құрманғазы”, “Қайран шешем” полотноларынан көпке тұлға болған ерлердің бейнесін көреміз. “Ғани Мұратбаев”, “Әуезов пен Ш.Айтматов”, т.б. портреттері бейнелеу әдісінің сонылығымен және адамның ішкі психологиялық жан-дүниесін ашудағы шеберлігімен ерекшеленеді. Бұдан басқа “Алғашқы қазақ атты әскері”, “Абылай хан билер ортасында”, “Көбік шашқан”, т.б. картиналарын салды.
Махамбет атындағы сыйл. иегері (1996).
Суретші туындылары Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында, Атырау, Астана, Қарағанды мұражайларында сақтаулы.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:5 мамырда туғандар Санат:1931 жылы туғандар Санат:Индер ауданында туғандар Санат:3 қарашада қайтыс болғандар Санат:2002 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан кескіндемешілері Санат:Репин атындағы институт түлектері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі түлектері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті оқытушылары Санат:Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары Санат:Махамбет атындағы сыйлықтың иегерлері