thumb|right|200px|Адамбек Кәдірбекұлы Қапанов Адамбек Кәдірбекұлы Қапанов (9.3.1927 жыл, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданы - 8.08.2011) - архитектор, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы (1971), профессор (1999).

Мәскеу сәулет институтын бітірген (1951). 1951 — 1967 жылдары Қазақ мемлекеттік қала құрылысы бас жобалау институтында архитекторлық шеберхананың бас архитекторы, Алматы мемлекеттік қала құрылысын жобалау институтының директоры (1967- 1997), 1971 - 1983 жылдары Алматы құрылыс-жобалау бас басқармасының бастығы әрі қаланың бас архитекторы қызметін атқарды.

Алматы қаласының орталығын қайта құруға, көрікті архитекторлық ансамбльдерді қалыптастыруға белсене қатысты. Оның жобасы бойынша Орталық мәдениет және демалыс басының қақпасы (1954 - 55 ), Республикалық Орталық стадион спорт кешені (1958 - 1964, архитектор А.Я. Косовскиймен бірге), қазіргі Қазақ спорт және туризм академиясы кешені (1964) салынды. Д.Қонаев мүсіні, қазіргі Алматы қалалық әкімшілік, ғимарат (1976 - 80), Республика алаңы (1980 жылы КСРО Мемлекттік сыйлығы, 1982) авторларының бірі болды.

Алматы қаласының 1978, 1989, 2000 жылдарындағы бас жоспарын жасауға қатысты.

Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1987), "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:9 наурызда туғандар Санат:1927 жылы туғандар Санат:Тарбағатай ауданында туғандар Санат:8 тамызда қайтыс болғандар Санат:2011 жылы қайтыс болғандар Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Тың жерлерді игергені үшін медалінің иегерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан сәулетшілері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшілері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшылары Санат:Алматы сәулетшілері Санат:Мәскеу сәулет институты түлектері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:МАРХИ түлектері