Қаражанбастерммұнай– мұнай өндірісі кәсіпорны. 1986 жылы қазанда өндірістік басқарма болып құрылған. 1992 жылдан «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының қарамағында. Басқарма Қаражанбас кен орнынан құрамында шайыр, асфальт, т.б. қоспалары көбірек қою мұнайды қа-батішілік жану және ыстық бумен сығу әдісімен өндіру жөнінен бұрынғы КСРО бойынша базалық кәсіпорын болып келді. Осы әдіспен жылына 1,0 – 1,3 млн. т мұнай өндіріледі. Жаңа өндірістік әдіске өзге елдердің де мұнай өндіруші компаниялары ден қойды. Қазақстан – Америка бірлескен корпорациясының осы басқарма жанынан бірлескен кәсіпорны ашылып, 1993 жылы іске кірісті. Ол мұнай кенішінің 15%-ын игеріп, шағын мұнай айыру зауытын салды.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Дереккөздер
Санат:Өндіріс