Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаев (1860, Қаратөбе ауданы, Ақбақай ауылы — 26 тамыз 1934, Ақтөбе қаласы) — қоғам қайраткері, заңгер, ағартушы-демократ. Қазақтардың арасындағы саяси және ұйымдастырушылық жұмыстарға белсенді араласты. 1919 жылы мамыр және шілде айларында қазақ атты бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі, 1921-1924 жылдары Ақтөбе губерниялық алқаның төрағасы болып тағайындалды. Одан кейінгі жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік мұрағатына жұмыс істеді. 1926 жылы партиялық тәртіпті бұзғаны үшін Ақтөбе қалалық партия комитетінің шешімімен партия қатарынан шығарылды. Қазақ АКСР Кеңестерінің 1-2 съездерінің делегаты болды.

Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түседі. 1890 ж. оны 2-дәрежелі алтын медальмен үздік бітіреді. Петербургта, Кутаисида, Орынборда тергеуші болып істейді. 1897 жылдан Оралда, Қаратөбеде, Жымпитыда адвокат болды. 1907 ж. 2-Мемлекеттік Думаға кадеттер тобынан Орал облысынан депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бойынша қазақ халқының мүддесін қорғап сөз сөйлеген. Ол өзін большевиктер партиясының қатарындамын деп есептеді. 1907-16 жылдары ағартушылық жұмыстармен айналысып, «Қазақстан» газетін, «Айқап» журналын шығаруға көмектеседі. 1917 жылы 16 мамырда өткен Думаның мәжілісінде қазақ халқының мүддесін қорғап, қайта қоныстандыру саясатының «қазақтарды қатты қинау» жолымен жүзеге асырылатынын ескертті. Ресей патшасының 1916 жылғы 25 маусымдағы бұратаналарды майданның қара жұмысына алу туралы жарлығынан кейін Қаратаев «Қазақтар жайындағы естелік жазба» атты құжат әзірлеп, Петроградқа сапар шекті. 1918 ж. Орал облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды. 1918 ж. наурызда «әскери үкімет» бүлік ұйымдастырып, облыстық кеңес мүшелерін, (ішінде Қ. та бар) тұтқынға алды. 1919 жылы 24 қаңтарда Чапаев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облысы ревкомның қүрамында ұлттар коллегиясын басқарды. 1919 ж. 24 шілдеде Қазәсревкомның мүшелігіне тағайыңдалды. 1920 ж. 4-12 қазанда Орынборда өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық 1-съезіне делегат болды. Мұнда қабылдаған Қазақ АКСР-і еңбекшілерінің құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан. Қазақ АКСР-інің заң комиссары болды. Кеңестердің 2-Бүкілқазақстандық съезіне де делегат болып қатысты.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9 1927 жылы діни көзқарастары үшін большевиктер партиясының қатарынан шығарылған. Өмірінің соңына дейін ғылыми - зертханалық жұмыстармен шұғылданған.

Дереккөздер

Санат:1860 жылы туғандар Санат:Қаратөбе ауданында туғандар Санат:26 тамызда қайтыс болғандар Санат:1934 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Қазақстан әділет министрлері Санат:Ресей Мемлекеттік Думасының депутаттары Санат:Төрелер