Жаңа Қаратон – Атырау облысы Жылыой ауданындағы мұнайшылар кенті, Жаңа Қаратон кенттік әкімдігі орталығы, аудан орталығы Құлсары қаласынан 12 шақырым жерде. Аумағы 8973 га.

Тарихы Қаратон мұнайшылар қалашығын Теңіз кеніші маңынан қауіпсіз аймаққа көшіруге байланысты 2000 жылы құрылды.

1993-1995 жылдар аралығында чехословак құрылысшылары екі қабатты 63 коттедж үй салып, пайдалануға берілді. Бұл үйлерге, Қаратон елді мекенінде тұратын көпбалалы отбасылар көшірілді.

1999-2000 жыл аралығында "Қазақойл-Ембі" АҚ қаражат бөліп, 622 тұрғын үй салынып, Қаратон елді мекенінің тұрғындары түгел көшірілді.

2000 жылы облыс әкімінің шешіміне сәйкес Жаңа Қаратон поселке болып құрылды.

2002 жылы "Қазақойл-Ембі" АҚ 90 үй құрылысын салып, бұл үйлерге Сарықамыс поселкесінің тұрғындары көшірілді. 2004 жылы поселкеде Сарықамыс және Кеңарал елді мекен тұрғындарына арнап тұрғын үйлер құрылысы басталды.Жылыой жылнамасы. Энциклопедиялық жинақ - Алматы: Өлке , 2008, ISBN 9965-742-49-9.

Халқы 1999 2009 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 584 6038 6966

Климаты Климаты қуаң, континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Солтүстігінде -14°С, кейде -30°С дейінгі аязды күндер болады. Шілденің орташа температурасы +30-31°С аралығында. Кент көлемі негізінен шөл-шөлейт аймақ зонасына жататындықтан ылғалы аз, жері ащы, сорлы жерлерге тән өсімдіктер өседі. Кент аумағындағы жануарлар дүниесінде негізінен кемірушілер, бауырымен жорғалаушылардың үлесі басым. Кездесетін негізгі жануарлар: қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, күзен, т.б.

Әлеуметтік және мәдени нысандары №22 орта мектеп — бұрынғы №8 мектеп, Қаратон поселкесінде 1947 ж. бастауыш мектеп, кейін 7 жылдық болды. 1999 жылы Жаңа Қаратон ауылындағы мектеп №22 орта мектепке айналды. №23 орта мектеп «Шапағат» бөбекжай бақшасы «Балдырған» бөбекжай бақшасы №4 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — 2017 жылы ашылды.https://atyrau.kaztrk.kz/kz/news/sport/zhylyoida-ush-sport-kesheni-ashyldy Жылыойда үш спорт кешені ашылды

Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік Кентте 32 дүкен, 4 тойхана, 2 дәріхана, 2 шаштараз, пошта бөлімшесі, көлік жуу стансасы, ағаш шеберханасы және төсем тас шығаратын цех жұмыс жасайды. Кент көлемінде 4 шаруа қожалығы бар. Аталған қожалықтарда және жеке тұрғындарда барлығы 1107 ірі қара, 1318 қой-ешкі, 295 түйе, 154 жылқы, 133 құс бар.

Діни ұйымдар қызметі Нұрқас-Сатыбалды мешіті — Мешіт құрылысы 2004 жылы басталып, 2006 жылы ашылды. Мешіт ғимаратының жалпы алаңы 278,3м2, жер учаскісінің жалпы алаңы 0,612 га, мұнараның жалпы алаңы 7,5м2. 2 қабатты, биіктігі 6,15 м, төбесі плита, сыртқы қабырғасы ракуша тастан салынған.https://www.kapan-kazhi-meshiti.kz/194-nras-satybaldy-mesht.html «НҰРҚАС-САТЫБАЛДЫ» МЕШІТІ

Дереккөздер

Санат:Жылыой ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері