MS Liberty of the Seas («Теңіз бостандығы») — Royal Caribbean Cruises Ltd. компаниясының меншігіндегі «Freedom» класындағы екінші лайнер. Кеме финдық STX Europe верфінде 2007 ж. соғылған.
Liberty of the Seas өзінің сыңарлары Freedom of the Seas және Independence of the Seas сияқты әлемнің ең үлкен жолаушы кемелері болған.
Кеменің тарихы Алғашында кеменің атын «Endeavour of the Seas» (қаз.«Теңіз талпынысы») деп атамақшы болған. Бірақ алғашқы кеменің атына ұқсастырып кемені Liberty of the Seas деп атаған, яғни Freedom — Liberty қазақша аударғанда Еркіндік — Бостандық. 2007 ж. 19 сәуірде кемені Royal Caribbean Cruises Ltd. компаниясына тапсырады.Royal Caribbean International :: Royal Caribbean Takes Delivery of Liberty of the Seas 2007 ж. 22 сәуірде жарнамалық мақсатында Саутгемптон айлағына және 2007 ж. 3 мамырда Нью-Йорктың Cape Liberty Cruise Port круизді айлағына келеді.World's largest cruise ship 2007 ж. 18 мамырда шоқындыру салтанаты өтеді.
2011 ж. қаңтарында кемеде жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Жерорта теңізінде 2011 ж. кеменің жаңарған түрі байқалған болатын.
Кеменің сипаттамасы Кемеде барлығы 18 палуба, оның ішінде 15 жолаушы палубадан тұрады. Лайнер 3,634 жолаушыны сыйдыра алады. Салмағы 154,407 тонна, ұзындығы 338,91 м., ені 56,08 м. Жылдамдығы 21.6 түйін ~ (40 км/сағ).Каюталар саны — 1817.
Кемедегі ойын-сауықтар 242 балконсыз каюталар (ауданы 15 м²) 842 балконды каюталар (ауданы 19 м²) 733 ішкі каюталар Сауда променады — ұзындығы 135 м., ені 9 м. және биіктігі төрт палубамен тең 1350 орындық театр жарға өрмелейтін қабырға Flow Rider — серфингке арналған жасанды толқындар ауданы 2200 м² шомылу ландшафты боксқа арналған ринг баскетбол алаңқайы мини-гольф
Кеменің суреттері
Тағы қараңыз Freedom of the Seas Independence of the Seas Royal Caribbean International Алып жолаушылар лайнерлер тізімі Өз заманындағы алып кемелер тізімі
Дереккөздер
Сыртқы сілтеме Royal Caribbeаn бетіндегі кеменің сипаттамасы
Санат:Круизді кемелер