Бағбан - бау-бақша күтуші, баптаушы адам.
Бағбан баудағы жеміс ағаштарын уақытында суарып, түбін қопсытып, арам шөптерден тазалап, көктем және күз мезгілінде артық бұтақтарын кесіп сиретіп, ағаштың дүрыс өсіп қалыптасуына көңіл бөледі Перковский С.П.Положение и развитие садоводства и его отраслей в Верненском уезде // ТС. Т.564. Ташкент, 1915.
Жеміс ағаштарының өнімі осы бағбанның күтіміне байланысты. Бағбанның ағаш бұтақтарын кесуге, көктем мен күзде әртүрлі ағаш бұтақтарын бір- біріне будандастыруда, жеміс ағаштарының сапасын арттыруда қолданатын бағбан пышақ, өткір қайшы, қолара, кетпен-шот, тырма сияқты құралдары болады. Қазақы ұғымда бағбанды бақбек, бақпан деп атау да кездеседі. Бағбандық кәсіп көбінесе бау-бақша өсіруге қолайлы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде кең тарады Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология