Бақ жұлдызы - қазақтардың сәттілікті аспан әлемімен байланыстыруына орай қалыптасқан ұғым.
Ел арасында «бақ жұлдызы» деген түсінік болған Фиельструп Ф.А. Из обрядовой жизни киргизов начало XX века. М.: Наука, 2002.
Ол бір орында тұрмайды. Ай күнтізбесі бойынша әр айдың 2, 12, 22-і күндері шығыстан шықса, 3, 13, 23-і күндері оңтүстік-шығыстан шығады. 4, 14, 24-і күндері оңтүстікте пайда болса, 5,15,25-і күндері оңтүстік-батыста, 6,16,26-і күндері батыста, 7, 17, 27-і күндері солтүстік-батыста, 8, 18, 28-і күндері Термірқазық жұлдызы төңірегінде пайда болады. Ал 9, 19, 29 және 10, 20, 30-ы күндері белгісіз. Жұлдыздың шығуы белгісіз күндері, әсіресе 9 санына аяқталатын күндері жолға шығуға мүлдем болмайды. Дәстүрлі ортада қалыптасқан түсінік бойынша, осы жұлдызға қарсы бағытта жүруге болмайды, себебі ол бақытсыздық әкелуі мүмкін, ал айдың 10-күндері жұлдыздың әсері жоқ деген наным бар. Айдың, аптаның кейбір күндерін сәтті немесе қырсық шалатын күндерге бөліп, тергейтін әдет әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология