Жаңа демократиялық партия (New Democratic Party), Канада социал-демократиялық саяси партиясы; 1961 жылы КООПЕРАТИВТІ ДОСТАСТЫҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНАН құрылған, аралас қоғамдық және жеке экономиканы жақтайды, әлеуметтік жеңілдіктер мен интернационалдық сыртқы саясатты қолдайды.
Саскачеванда, Манитоба мен Британдық Колумбияда 1940-1990 жылдары, Юконде 1980 жылдан, Онтариода 1990 жылдан үкімет құрған. Жалпыұлттық дәрежеде үлкен табысқа қол жеткізбеген. Партияны жақтаушылардың дені Манитобадан және Саскачеваннан, Британдық Колумбия мен Онтарио қалаларының жұмысшылары.
Дереккөздер
Санат:Жаңа демократиялық партия Санат:Социалистік партиялар Санат:Канада саяси партиялары Санат:Социалистік интернационал Санат:1961 жылы құрылған саяси партиялар