Құсмұрын — Тобыл алабындағы көл.
Географиялық орны Қостанай облысының Қарасу, Әулиекөл аудандары аумағында.
Гидрографикасы Ауданы 400 – 415 км2, су жиналатын алабы 10,5 мың км2. Ұзындығы 60 км, ені 15 км. Ең терең жері 3,5 м. Көлді Обаған өзені жарып ағады. Суы жасыл сарғыш түсті, минералдылығы 1 – 25 г/л. Көл түбі тегіс, оны құмтас, лай шөгінділері жапқан.
Жағалау сипаты Көлге Қайып, Үшқарасу, Ащықарасу, т.б. өзендер құяды. Орта тұсының жағалаулары жарқабақты (5-7 м) келген. Оңтүстік-батысында Аманқарағай шоқ орманы орналасқан. Алабы негізінен жыртылған. Көлде құстар ұя салады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Тобыл су алабы Санат:Қарасу ауданы көлдері Санат:Әулиекөл ауданы көлдері