Сергей Данилович Луганский (1918—1977) — қазақстандық ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры (2 қыркүйек 1943; 1 шілде 1944). 1938 жылы Орынбордағы ұшқыштар мектебін, 1949 жылы Мәскеудегі әскери-әуе академиясын бітірген. 1939–40 жылдары кеңес-фин соғысына қатысты. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Луганский 390 рет ұшу сапарына шығып, жаудың 37 ұшағын атып түсірді. 2 рет әуе таранын жасады. Соғыстан кейінгі жылдары КСРО Қарулы Күштерінің әскери әуе күштері саласында әр түрлі жоғары басшылық қызметтерде болды. Соғыс жылдарында көрсеткен ерліктері үшін Ленин, Александр Невский, 2 мәрте Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз (2 рет) ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы
Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО мемуаршылары Санат:КОКП мүшелері Санат:Сталинград шайқасының қатысушылары Санат:Ұлы Отан соғысы ұшқыштары