Меццо-Сопрано ( – орта) – вокалдық контральто мен сопрано арасындағы қоңыр сазды әйел дауысы.

Кәдуілгі Меццо-Сопрано дауыс ауқымы: Тембрлік бояуы мен үндестігі жағынан бұл дауыс контральтоға жақындау.

Классикалық опералық репертуарда Меццо-Сопраноға арналып жазылған басты партиялар бар. Мысалы, Бизенің Карменін, Вердидің “Аидасындағы” Амнерис, Мусоргскийдің “Хованщина” операсындағы Марфаны және т.б. атауға болады.

Меццо-Сопранолық әйгілі әншілер қатарында: Н.А. Обухова, М.П. Максакова, С.П. Преображенская (Ресей), Б.Әшімова, Э.И. Епонешникова, З.Жұбатова (Қазақстан), т.б. бар.

Санат:Әншілік дауыстар