Миля (, – мың римдік қос қадам) – бірліктердің метрлік жүйесіне енбейтін кең таралған ұзындық бірлігі. Ол негізінен теңіз ісінде қолданылады.
Ресейде және басқа көптеген елдерде, халықар. гидрографиялық конференцияның шешімі бойынша (1929 жыл), теңіз Милясы 1 меридиан доғасының ұзындығына – 1,852 км-ге тең; ұлыбританияда 1 теңіз Милясы = 1,853184 км.
Құрлықтағы (уставтық) 1 Миля = 1,609344 км (бұл АҚШ - та да қолданылады).
Географиялық Миля () экватордың 1/15 бөлігіне немесе 7,4204 км-ге тең.
Байырғы орыс Милясы = 7,46760 км.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Миля - ұлттық метрлік емес өлшемдер жүйесінде таралған ұзындық бірлігі.
Ағылшын милясы - ұзындық мөлшері, 1,61 километрге тең.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Тағы қараңыз: Теңіз милясы
Дереккөздер
Санат:Қашықтық өлшем бірліктері Санат:Орыс өлшеу жүйесі Санат:Ағылшын өлшеу жүйесі Санат:Литва Ұлы княздігі өлшеу жүйесі