Модельдер теориясы– математикалық логиканың математикалық модельдерді зерттейтін саласы. 20 ғасырдың басында Модельдер теориясының негізін қалайтын екі теорема дәлелденген: 1. Егер 1-ретті логиканың сөйлемдер жиынының әрбір ақырлы ішкі жиынының моделі табылса, онда оның да моделі табылады (К.Гедель, А.И. Мальцев) 2. Ақырсыз моделі бар 1-ретті саналымды теорияның кез келген ақырсыз қуатты моделі табылады (Л.Левенгейм, Т.Сколем). Қазақстанда А.Тайманов ұйымдастырған модельдер теориясы мектебінің өкілдері тұрақты теориялардың модельдері жайындағы көптеген ғылыми нәтижелерге қол жеткізді.Кейслер Г., Чэн Ч.Ч., Теория моделей, М., 1977; Мустафин Т.Г., Стабильные теории, Қарағанды, 1981; сонікі, Число моделей теорий, Қарағанды, 1983. Е. Байсалов

Дереккөздер