Мойылды – Есіл өзенінің оң жақ саласы.
Географиялық орны Ақмола облысы Аршалы ауданы жерімен ағады.
Бастауы Бастауын Ерейментау тауларының оңтүстігінен алып, Есіл бойындағы Вячеслав су қоймасына құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 66 км, су жиналатын алабы 769 км2. Жалпы ұзындығы 73 км болатын 36 шағын саласы бар. Ең ірісі – Тентек Қарасу (20 км). Су жиналатын алабының жер бедері жонды-белесті, жонды-төбелі денудациялық қыратты жазық. Арнасы ирелеңдеп келген. Қар және грунт суларымен толығады. Қараша айының 1-онкүндігінде суы қатып, сәуірдің 2-жартысында мұзынан арылады (140 – 180 күндей мұз құрсауында болады).
Өсімдігі Карбонатты қара топырақ және қошқыл қоңыр топырағында бетегелі-селеулі, бетегелі-бозды-қызыл қаулы, қарағанды-бетегелі-селеулі өсімдіктер өскен. Айқын байқалатын аңғарында мойыл, талды тоғай шоғырлары кездеседі. Жоғары және төменгі ағыстарында жайылмалары байқалады. Жайылмасының шалғындарын көлтабандатып суландыруға пайдаланылады.«Ақмола облысы» энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Аршалы ауданы өзендері Санат:Есіл су алабы