Серік Төкенұлы Нұрқазов (4.10.1959 жылы туған, Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігіне қарасты Ақтау кенті) – боксшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1985). Алғашқы бапкерлері – Л.Тілеубаев, Я.Фетисов.
Қазақстанның және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. КСРО халықтары спартакиадасының күміс (1979) және қола медалін алды (1983). Еуропа чемпионы (1983, Варна, Болгария) және қола жүлдегері (1981, Тампере, Финляндия) КСРО чемпионы (1982, 1984, 1986), күміс (1979, 1980), қола жүлдегері (1983, 1987) Әлем кубогінің күміс жүлдегері (1983, Рим, Италия) болған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шеберлері Санат:1980 жж. боксшылары Санат:Орта салмақ санатындағы боксшылар Санат:Бокстан КСРО чемпиондары Санат:Бокстан Еуропа чемпиондары Санат:Еңбекте үздік шыққаны үшін медалінің иегерлері Санат:КСРО боксшылары