нобай|180px|Балқыма cақтандырғыштар Сақтандырғыш — электр тізбектерін ток күшінің рұқсат етілген мөлшерден асып кетуінен қорғауға арналған тетік. Оның міндеті — электр тізбегіндегі ток күші өзіне рұқсат етілген шамадан тыс артып кетсе, электр тізбегін бірден ажыратып жіберу. Сақтандырғыш тізбекті ток көзінен арнайы жасалынған токөткерме бөліктерінің шамадан артық токтың жылулық әрекеті әсерінен балқып үзілуі арқылы ажыратадыSmart circuit breaker . Сақтандырғыш электр тізбектерін асқын жүктелуден және қысқа тұйықталулардан қорғайды.

Балқыма сақтандырғыш Сақтандырғыштардың кең таралған түрі — балқыма cақтандырғыш. Ол электр тогын өткізбейтін материалдан жасалған корпустан, металдан (көбінесе мыстан, мырыштан, қорғасыннан және олардың қорытпаларынан, күмістен) жасалған балқыма қыстырғыдан, түйіспелік және доғасөндіргіш құрылғыдан тұрады. Құрылысы бойынша айырғыш пен ажыратқыш аппараттар қызметтерін атқаратын сақтандырғыш-ажыратқыш аталатын коммутациялық аппараттар да қолданылады.

Балқыма cақтандырғыштар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

Ток күшіЧек түсіЖоғарғы қуаттылығы (сеть 220 В)6АЖасыл1200 Ватт10АҚызыл2000 Ватт16АСұр3200 Ватт20АКөк4000 Ватт26АСары5200 Ватт

Сақтандырғыштың қолданылу аясы Сақтандырғыштың құрылысы қарапайым, құны арзан, ол тізбекті қысқа тұйықталу кезінде жылдам ажыратады. Сонымен қатар, оның кейбір түрлерінің қысқа тұйықталу тогын шектеу қабілеті болады. Сондықтан, олар тұрмыстық, өнеркәсіптік электр қондырғыларында, электр тораптарында, электр станциялары мен қосалқы станцияларда кеңінен қолданылады.Қазақ энциклопедиясы, 7 - том

Дереккөздер