Сырдария облысы – 1917 жылдың 14 қыркүйегіне дейін Түркістан генерал-губернаторлығының (Түркістан өлкесі) құрамында болған Ресей империясындағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Ташкент қаласы. 1867 жылы 23 шілдеде құрылған; сол уақытта облыстық үкімет те құрылды.
1918 жылы 30 сәуірде облыс Түркістан АКСР (РКФСР) құрамында болды. 1920 жылдың қазанында Әмудария бөлімінің аумағы дербес Әмудария облысына берілді. 1924 жылы 27 қазанда ұлттық-аумақтық межелеп бөлу нәтижесінде Сырдария облысының көп бөлігі Сырдария губерниясы ретінде Қырғыз АКСР-не (1925 жылдан бастап Қазақ АКСР), қалған шағын бөлігі (Ташкент уезі) — жаңадан құрылған Өзбек КСР құрамына берілді, ал Талас аңғары — Қарақырғыз автономиялы облысына (1925 жылдан Қырғыз автономиялы облысы) қосылды. 1925 жылы 29 қаңтарда Өзбек КСР құрамында Сырдария облысының бір бөлігінен Ташкент облысы құрылды. 1928 жылы 17 қаңтарда Қазақ АҚСР-нің аймақтық бөліністің енгізілуіне байланысты, Сырдария губерниясы өз қызметін тоқтатты.
Географиясы Облыс Түркістан өлкесінің солтүстік-батыс бөлігін алып жатты.
Солтүстікте — Торғай және Ақмола облыстарымен, шығыста — Жетісу облысымен, оңтүстікте — Ферғана мен Самарқан облыстарымен және Бұхарамен, оңтүстік-батыста — Хиуа иелігімен, батыста — Арал теңізімен шектесті. Бойлықта созылған төртбұрышқа ұқсас болды.
Ауданы 504 700 км² (443,442 шаршы шақырым). Облыстың ең үлкен ұзындығы бойлық бойынша шамамен — 1173 км (1100 шақырым), ені шамамен — 747 км (700 шақырым).
Сырдария облысы Түркістан өлкесінің бүкіл ауданының 70%-ға жуығы мен Түркістан генерал-губернаторлығының 25%-ға жуығын иеленді.
Билік органдары Әкімшілік бөлініс Бастапқыда облыс 8 уезге бөлінді: Әулиеата, Жызақ, Қазалы, Перовск, Ташкент, Түркістан, Хожанд және Шымкент. 1868 жылы Ташкент уезі Құрама болып өзгертілді (1887 жылы қайта аталды), ал Түркістан уезі таратылды. 1886 жылы Жызақ және Хожанд уездері Самарқан облысына берілді, ал Әмудария бөлімі Сырдария облысына қосылды.
XX ғасырдың басында облыс 5 уез бен бөлімге бөлінді:
№ Уез Уездік қала Уездік қаланыңелтаңбасы Ауданы, шақырым² Тұрғындары (1897), адам 1 Әулиеата Әулиеата (11 722 адам)55px65 420,0276 169 2 Қазалы Қазалы (7 585 адам)55px59 800,0140 541 3 Перовск Перовск (5 058 адам)55px65 840,0133 663 4 Ташкент Ташкент (155 673 адам)55px38 870,0448 493 5 Шымкент Шымкент (11 194 адам)55px124 950,0285 059 6 Әмудария бөлімі Петро-Александровск (3 111 адам)55px97 960,0194 473
1920 жылы Әмудария бөлімі дербес Әмудария облысына айналды.
Әскери губернаторлар Т. А. Ә. Атағы, шені, лауазымы Лауазымды орындау уақыты Головачев Николай Никитич генерал-лейтенант 14.07.1867—02.06.1877 Троцкий Виталий Николаевич генерал-лейтенант 05.05.1878—1883 Гродеков Николай Иванович генерал-лейтенант 02.06.1883—12.06.1892 Королков Николай Иванович генерал-лейтенант 30.07.1892—28.06.1905 Федотов Иван Иванович генерал-лейтенант 28.06.1905—17.08.1906 Романов Михаил Яковлевич генерал-лейтенант 17.08.1906—01.02.1911 Галкин Александр Семенович генерал-лейтенант 01.02.1911—29.08.1916 Мадритов Александр Семенович генерал-лейтенант 29.08.1916—1917
Әскери губернатордың көмекшілері Т. А. Ә. Атағы, шені, лауазымы Лауазымды орындау уақыты Дингелштедт Николай Александрович нақты статтық кеңесші 14.01.1884—04.11.1890 Хомутов Петр Иванович нақты статтық кеңесші 14.11.1890
Бейнелеме
Тұрғындары 1897 жылғы халық санағы бойынша облыста 1 478 398 адам (803 411 ер адам және 674 987 әйел адам), оның ішінде қалаларда 205 596 адам болды. 155 673 тұрғыны бар (Орта Азиядағы ең көп қоныстанған қала) облыстық Ташкент қаласынан басқасында, Сырдария облысында ірі қалалар жоқ.
1897 жылғы халықтың тіл бойынша үлестіру (XIX ғ. лингвистика бойынша тілдердің анықтамасы):
Аймаққырғыз-қайсақтарсарттарөзбектерқарақалпақтарорыстарукраиндартәжіктербасқа да түркілерЖалпы облыста64,4 %9,7 %4,3 %6,3 %2,1 %1,0 %…10,7 %Әулиеата90,9 %…3,0 %…1,8 %2,0 %…1,0 %Қазалы96,6 %………2,0 %………Перовск97,4 %1,0 %………………Ташкент36,3 %24,2 %……4,0 %1,0 %1,0 %31,8 %Шымкент78,8 %11,2 %7,2 %……1,4 %……Әмудария бөлімі24,2 %…17,7 %48,0 %1,6 %……7,0 %
Аймақ Қырғыз-қайсақша (қазір. Қазақ тілі) Үлестірілмеген түркі сөйленістері (әртүрлі аумақтарда бағанда жіктелмеген диалектілер мен тілдерді пайдаланатын әртүрлі тұрғындарды қамтыды) Сартша (қазір. Өзбек тілінің диалекті)Бронникова О. М.,Орта Азияның этникалық тарихындағы сарттар (мәселе қойылымында) Этностар және этникалық үдерістер. Мәскеу: Шығыс әдебиеті, 1993, б.153..Қарақалпақша Өзбекше (қазір. Өзбек тілінің диалекті). Великорусша (қазір. Орыс тілінің диалекті) Малорусша (қазір. Украин тілінің диалекті)Тәжікше Татарша (қазір. Татар тілі диалектінің бір бөлігі) Жалпы облыс 952 061 158 675 144 275 93 215 64 235 31 900 12 853 5 557 5 257 Қалалар 10 038 116 627 23 446 45 17 533 22 258 3 493 1 081 4 416 Уездер қаласыз 942 023 42 048 120 829 93 170 46 702 9 642 9 360 4 476 841 бүкіл Ташкент уезі 163 105 142 630 108 765 11 511 17 510 2 921 4 531 2 616 Ташкент қ. 1 911 116 604 11 749 0 61 14 993 2 600 339 2 313 Ташкент уезі қаласыз 161 194 26 026 97 016 11 450 2 517 321 4 192 303 бүкіл Әулиеата уезі 250 988 2 313 1 460 2 8 474 5 129 5 339 379 630 Әулиеата қ. 589 18 386 0 8 460 1 055 291 379 266 бүкіл Қазалы уезі 135 850 2 487 0 47 2 821 95 353 659 Қазалы қ. 3 358 2 487 0 42 2 517 93 352 627 бүкіл Петровск уезі 130 269 3 1 450 9 4 1 048 117 2 517 Петровск қ. 2 253 0 1 384 6 4 694 48 0 434 бүкіл Шымкент уезі 224 704 0 32 043 40 20 709 2 236 4 198 0 646 Шымкент қ. 451 0 9 468 0 9 637 196 0 120 Түркістан қ. 1 415 0 15 0 8 918 230 82 0 513 Әмудария бөлімі 47 145 13 727 70 93 153 34 490 3 156 183 292 189 Петро — Александровск қ. 61 3 9 19 39 2 132 189 11 143
Орыстарды – православиелік және ішінара ескі наным-сенушілерді және басқа еуропалық христиандар мен яһудилерді қоспағанда, халықтың негізгі бөлігін (96,4%) мұсылмандар құрады.
Сілтеме Түркістан картасындағы Сырдария облысы (XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басы); 1,25 Мб Царское село кітапханасы, ХІХ-ХХ ғасырлардағы Сырдария облысының тарихына арналған кітаптар, PDF
Дереккөздер
Санат:Ресей империясы облыстары