Серб озық партиясы (СОП; , СНС) — Сербиядағы ірі саяси партия, 2012 жылдан 2026 жылға дейінгі билік партиясы. Партияның идеологиясы және саясаты популистік және жанжақты делінеді; нақтырақ сипаттаулар центристік, оңшыл, ультраоңшыл дейді. Сербияның бұрынғы премьер-министрі Милош Вучевич 2023 жылдан бері партияның президенті болып келген, алайда оның іс жүзіндегі көшбасшысы Александр Вучич делінеді.https://pmc.ncbi.nlm.nih.gov/articles/PMC13247566/
Партияны Вучич пен Томислав Николич 2008 жылы ультраоңшыл Серб радикал партиясынан бөліп құрды. Осы кезден 2012 жылға дейін СОП Демократиялық партияға оппозиция болып келді. СОП оппозициялық қызметі және жемқорлыққа қарсы платформасы арқасында елдегі ең ірі партияға айналды, 2011 жылы кезектен тыс сайлаудың өткенін қалады. 2012 жылы Николич Сербия президенті болып сайланды, СОП президенті лауазымына оның орнына Вучич сайланды. СОП пен Сербия Социалистік партиясы (ССП) коалиция үкіметін құрады. 2014 жылы Вучич премьер-министр атанады да, СОП 2014 жылы Белградтағы және 2016 жылы Воеводинадағы ең ірі партияға айналады.
2017 жылғы президент сайлауында СОП Вучичті президенттікке үміткері деп таңдады, ол ақыр соңында жеңді. Елде ірі наразылық шаралары орын алды да, партиясыз болған, бірақ кейін СОП мүшесі болған Ана Брнабич оның премьер-министр ретінде ізбасары атанды. 2018 жылдан 2020 жылға дейін СОП наразылық шараларына тап болды, бірақ сонда да оппозиция бойкоттаған 2020 жылғы сайлауда Халықтық скупщинада суперкөпшілікке ие болды. 2021 жылы СОП құрамына кірді де, 2021 жылдан 2022 жылға дейін қоршаған ортаны қорғау үшін наразылық шаралары орын алды. Вучич 2022 жылы президент болып қайта сайланды да, СОП ССП-мен үкіметін жалғастыра берді. Бір жылдан кейін СОП президенті лауазымына Вучичтің орнына Вучевич келді, ол партияны 2023 жылғы парламент сайлауы кезінде басқарды. 2024 жылдан 2026 жылға дейін ел жемқорлыққа қарсы студенттер наразылық шараларын бастан кешірді. 2026 жылғы қыркүйекте Вучич отставкасын жариялады, Брнабич президент міндетін атқарушысы атанды. 2026 жылғы 25 қазандағы кезектен тыс парламен сайлауы кезінде наразы студенттердің Студенттер тізімі партиясы СОП-қа күтілмеген ірі жеңіске жетеді, СОП-тың 14 жылғы билігі аяқталды.
Саясаттанушылар СОП-ты әдетте популистік және кең ауқымды электоратқа бағытталған партия деп сипаттайды. Ол идеологиялық ұстанымы әлсіз, белгілі бір идеологияны ұстанбайтын және қатаң идеологиялық қағидаларға қарағанда прагматикалық тәсілді басшылыққа алатын партия ретінде қарастырылған. Алайда оның популизмінің негізгі элементтері — ұлтшылдық пен авторитаризм. Түрлі авторлар бұл партияны өзін центристік бағыттағы күш ретінде көрсететін және Сербияның саяси кеңістігінің ортасында орналасуға тырысатын ұлтшыл-популистік партия деп сипаттаған. СОП ресми түрде Сербияның Еуропа Одағына қосылуын қолдайды. Экономикалық тұрғыдан алғанда, СОП — неолибералдық бағыттағы партия. Ол үнемдеу саясатын жүргізуді, нарықтық экономикаға көшуді, жекешелендіруді және экономиканы ырықтандыруды қолдады. Сонымен қатар, партия еңбекақы, зейнетақы және еңбек заңнамасы салаларында реформалар жүргізді.
СОП — Еуропа Халық партиясының қауымдастырылған мүшесі және Халықаралық демократиялық одақтың мүшесі. Әсіресе соңғы жылдары СОП серб ұлтшылдығын насихаттап, Виктор Орбан басқарған Мажарстанды және Владимир Путин басқарған Ресейді қолдап келеді. Бақылаушылардың бағалауынша, СОП билікке келгеннен кейін Сербияда демократияның азаюы, яғни авторитаризмге қарай бет бұру үдерісі байқалған. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі мен азаматтық құқықтар мен бостандықтар деңгейінің төмендегені туралы пікірлер айтылған. 2024 жылғы жағдай бойынша, СОП партиясының кемінде 700 000 мүшесі болған. Бұл оны мүшелерінің саны бойынша Еуропадағы ең ірі саяси партиялардың қатарына қосады.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:2008 жылы құрылған саяси партиялар Санат:Сербия саяси партиялары