Жайықтау – Желдіадыр жотасынан оңтүстікке қарай 35 – 40 км жерде орналасқан оқшауланған тау массиві.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданында. Абсолюттік биіктігі 657 м. Сарыкеңгір өзені аңғарында.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Шығыс беткейі көлбеу, солтүстік және батыс беткейлері тік жарлы келеді. Девонның граниттері мен тас көмірдің тақтатастарынан, төменгі бөлігі делювий, пролювий шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі Топырағы карбонатты бозғылт қоңыр және қиыршықтасты. Беткейлерінде жусан, селеу, бетеге, етек жағында қараған аралас бұталы өсімдіктер өседі. Мал жайылымына қолайлы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары