Жақсы Алакөл – Тобыл алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Денисов және Бейімбет Майлин аудандары жерінде, Тобыл және Әйет өзендері аңғарларының аралығында, теңіз деңгейінен 217 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 25 км2, ұзындығы 7,1 км, ені 4,3 км, жағасының ұзындығы 21 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады, шағын Ащысу өзеніне құяды. Жағасы жайпақ, батпақты. Қараша – сәуір айлары аралығында суы қатады. Суы тұзды. Көктемде мал суарылады. Алабы - қалың құрақ, қамыс өскен шабындық.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Тобыл су алабы Санат:Денисов ауданы көлдері Санат:Бейімбет Майлин ауданы көлдері