Жақсы Қазығұрт – Амантау және Қараадыр таулары аралығында орналасқан оқшау тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданында. Абсолюттік биіктігі 629 м. Қазығұрт және Мұқышқарасу өзендерінің суайрығы. Ұзындығы 7 км, енді жері 4 км. Етегінде өзімен аттас қыстау орналасқан.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Тас көмір және девон гранитоидтарынан түзілген.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр, боз топырағында тал мен шілік аралас дала өсімдіктері өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары