Жалпақжеміс () – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда далалық, шөлді, таулы аймақтарда өсетін 1 түрі – зығыр жалпақжемісі (М. lіnіfolіus) бар. Биіктігі 7 – 30 см. Сабағы жіңішке, тік өседі, жоғарылаған сайын бұтақтана береді. Жапырағы таспа тәрізді, жиектері тегіс. Гүлдері ұсақ, күлтелері ашық сары түсті. Наурыз – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – домалақ бұршаққын, оның қысқа және жіңішке мұртшалары болады. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, жіңішке жиекті.Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:Орамжапырақтар