Жаман Айбат мыс кен орны - Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 км жерде орналасқан. Қарағанды облысы жерінде.

Геологиялық құрылымы Кен орны Жаман Айбат антиклиналін бойлай бірнеше км-ге созылған. Антиклинальдың оңтүстік қанаты көлбеу (5 – 25°), ал солтүстік қанаты флексура түрінде тік құлайды.

Жатыс сипаты Кен орны Шығыс, Орталық, Солтүстік телімдерден және 11 жеке кен денелерінен тұрады. Негізгі өндірістік маңызы бар кен денелері «раймунд» конгломераттары қабаттарында шоғырланған. Кен денелері қабат, линза пішіндес, орташа қалыңдығы 4 – 5 м.

Құрамы Кентастар минералдық құрамы бойынша мысты, қорғасын-мысты, қорғасынды, мырышты, күмісті-мысты, ренийлі-мысты болып жіктеледі. Жаман Айбат мыс кен орны ірі мыс кен орындарына жатады. Кен орны толық барланған.Қазақ энциклопедиясы

Апат 2025 жылғы 17 ақпанда «Жомарт» кенішінде табиғи газдың жарылуынан жеті адам мерт болды.https://abai.kz/post/194964https://nege.kz/news/zhomart-kenshnde-uynd-astinda-kalgan-zhumisshilardin-tzm-belgl-boldi-894cc5

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы кен орындары