Жапырақты – Маңғыстау тауларының оңтүстік беткейіндегі тау.

Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылының солтүстік-шығысында, №13 темір жол айырмасының батысында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 363 м. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Үсті төбелі қыратты. Шығыс бөлігі терең жыралармен, сайлармен тілімденген. Маңайында бірнеше құдықтар бар.

Геологиялық құрылымы Пермь кезеңінің жоғарғы жыныстарынан түзілген. Беткейі делювийлі-пролювийлі шөгінділерден құралған.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырағында күйреуік, сұр жусан, эфемерлі өсімдіктер өседі. Мал жайылымына қолайлы.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау ауданы таулары