Желдіқарағай – Жетісу Алатауының солтүстік беткейінде орналасқан жота.

Географиялық орны Жетісу облысы Ақсу және Сарқан аудандарында. Ақсу және Сарқан өзендерінің суайрығы. Батыстан шығысқа қарай 60 км-ге созылып жатыр. Енді жері 15 км. Абсолюттік биіктігі 3103 м. Оңтүстігінде Жетісу (Жоңғар) Алатауы сілемдерінен Айдаусай өзені бөліп жатыр. Желдіқарағайдан Теректі өзенінің салалары бастау алады.

Геологиялық құрылымы, жер бедері Төменгі палеозойдың кристалдық тақтатас, кварцит, мәрмәр жыныстарынан құралған. Жатық беткейлі өзен аңғарлары тар шатқалдарға ұласады. Батысында Желдіқарағай, шығысында Шығыс Желдіқарағай асулары бар. Солтүстік беткейлерінде Аманбөктер, Ақсу қыстаулары орналасқан. Мал жайылымына қолайлы."Қазақ энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Ақсу ауданы таулары Санат:Сарқан ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы