Жосалы – Малайсары жотасының солтүстік-шығысындағы тау.
Географиялық орны Жетісу облысы Көксу ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 945 м.
Жер бедері Солтүстік беткейі Быжы өзенінің арналарымен тілімденген. Солтүстік-батысында Мойынқұм құмымен, батысында Көкшиелі тауымен, оңтүстігінде Достар тауымен шектеседі. Батыс беткейі тіктеу келген.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу, т.б. өседі. Етегі мал жайылымына қолайлы. Шығысынан Сарыөзек – Үштөбе темір жолы өтеді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Көксу ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы