Жуанқоңыр – Қызылтас тауының оңтүстік-батысында оқшауланған тау массиві.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Батыстау ауылының солтүстік-шығысында 10 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1058 м. Шығыстан батысқа қарай ендік бағытта 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Солтүстік-батыс беткейі тіктеу келген. Тас көмір кезеңінің гранит, гранодиорит интрузивтері аралас пермь, тас көмір, силур, девон шоғырларынан түзілген. Таудан Бидайық, Қарабидайық, Шерубайнұра өзендерінің салалары бастау алады.

Өсімдігі Ашық қоңыр топырақ жамылғысында қайың, көк терек, тал, т.б. астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Тау етегі шабындық ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары